Біздің Қормен міндетті зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарт жасасу үшін Сізге өз аймағыңызда орналасқан «Аманат Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне бару немесе телефон шалу қажет.
Өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы керек:
– жеке басты куәландыратын құжат;
– әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгендігі жөніндегі куәлік;
– Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі (СТН – РНН).
Міндетті зейнетақылық жарнадан бөлек сіз зейнетақылық қорға ерікті зейнетақылық жарналар аударуға қақылысыз. Сіз оны тікелей өзіңіз төлеуіңізге болады, немесе Сіздің жұмыс берушіңіз бұл жарналарды Қорда ашылған Сіздің жеке зейнетақылық есебіңізге аударады.
Ерікті аудару есебінен пайда болған жинақталған қаржы алдағы уақытта Сіздің табыстарыңыздың қосымша көзі болуы мүмкін.
Ерікті зейнетақылық жарналар – бұл Салымшының өз бастамашылығымен Қорға алушының пайдасы үшін салған ақшалары. Оның көлемі, төлем тәртібі және кейін төленуі ерікті зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарттың тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Алушының пайдасына ерікті зейнетақылық жарналардың Салымшылары ретінде өз қаржысының есебінен сол жарналарды төлеген жеке және заңды тұлғалар бола алады.
Міндетті зейнетақылық жарналардан ерікті зейнетақылық жарналардың ерекшелігі – ол басқа тұлғалардың пайдасына да аударылуы мүмкін, ал олардың түсуінен пайда болған жинақтауды Қазақстаннан тыс жерге тұрақты өмір сүруге кеткен кезде шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар ғана емес, Қазақстан Республикасының азаматтары да ала алады.
Ерікті зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы біздің Қормен шарт жасасу үшін Сізге «Аманат Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне хабарласу керек және мынадай құжаттарды тапсыру керек.
– жеке басты куәландыратын құжат;
– әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгендігі туралы куәлік;
– Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі (СТН – РНН).
Ерікті зейнетақылық жарна есебінен Қордан зейнетақылық төлемдер алуға мына тұлғалардың құқы бар:
– 50 жасқа толғандар;
– мүгедек болғандар;
– ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кеткендер, олар кетуге ниеті барлығын және нақты кеткенін дәлелдейтін ҚР заңдылығымен белгіленген құжаттар тапсыруы тиіс.
Міндетті зейнетақылық аудару бойынша пайда болған жинақтау сияқты, ерікті жарналар бойынша пайда болған жинақтау да мұрагерлікке қалдырылады.
