Қысқа мерзімде есептесу және төлеу — Аманат
Русский Казакша
Бас кеңсе

Алматы қаласы, 050010
Бөгенбай батыр к-сі, 80
Қалдаяқов к-сі
(бұрынғы 8 Март)
мен Абдуллиндер к-сі аралығында

Телефон:

+7 (727) 291-60-27

Факс:

+7 (727) 291-66-27

Шапшаң линия

8 80008-07770

Телефон шалу тегін

Қысқа мерзімде есептесу және төлеу

Міндетті зейнетақылық жарналар (МЗЖ) есебінен дайындалған зейнетақылық төлем мынадай жағдайда жүзеге асуы мүмкін:

1. Зейнеткерлік жасқа жеткенде: еркектер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 58 жас;
2. 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі аралықта төтенше және барынша радиациялық тәуекел аймағында 10 жылдан көп уақыт өмір сүргенде, Сіздің зейнеткерлік жасыңыз былайша анықталуы мүмкін: еркектер жұмыс өтілі 25 жыл болғанда 50 жаста, әйелдер жұмыс өтілі 20 жыл болғанда 45 жаста;
3. 5 және одан көп бала тауып, оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жаста;
4. І және ІІ топтағы мүгедектері анықталғанда мерзімсіз;
5. Зейнетақылық төлем РГКП «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» (МЗТО) арқылы әскери қызметкерлерге, ішкі істер және Қазақстан Заң министрлігінің Қылмыстық – орындау жүйесі органдарының қызметкерлеріне, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы  қызмет органдарының арнаулы атақтар берілген қызметкерлеріне және оларға  Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған заң бойынша белгіленген тәртіп жүретін болса, еңбек сіңірген жылдары бойынша тағайындалған жағдайда:

1) оларға зейнетақылық төлем 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалғанда;
2) оларға әскери қызметінің өтілі толық болғанда, ішкі істер, Қазақстан Республикасы Заң министрлігінің қылмыстық-орындау жүйесі органдарындағы, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтерінің өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін он жыл және одан көп болған жағдайда, оларға арнаулы атақтар беріліп, оларға Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған заң бойынша белгіленген тәртіп жүретін болса, оларға зейнетақылық өтем толық көлемде тағайындалғанда.

Қажетті құжаттар тізімі:

– белгіленген үлгіде зейнетақылық өтемді тағайындау туралы өтініш;
– алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және көрсету үшін түпнұсқасы;
– зейнетақы мен жәрдем алушы куәлігінің (зейнетақылық куәлік) көшірмесі және көрсету үшін оның түпнұсқасы; онда төлем тағайындаудың негізі көрсетілуі тиіс (зейнеткерлік жасқа толғандар: әйелдер – 58 жас, еркектер 63 жас зейнеткерлік куәліктерін көрсетпейді) әскерилер – зейнетақылық куәлікке Заңға сәйкес зейнетақыны тағайындауға негіз болғаны көрсетілген қосымша көшірмесі және көру үшін оның түпнұсқасы.

Зейнетақылық өтем үшін Қорға құжаттарды былай беруге болады:

– пошта байланысы құралдары арқылы: құжаттар пакетіне нотариалдық расталған жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін қосу керек;
– сенім көрсетілген тұлға арқылы: құжаттар пакетіне нотариалдық расталған алушының жеке бастың  куәландыратын құжатының көшірмесін, сондай-ақ нотариалдық дайындалған сенімхаттың түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін (егер сенімхат сенім білдірушінің мүдделерін бір мезгілде бірнеше ұйымдарда білдіретін өкілдік  мазмұнда болса), сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қосады және түпнұсқаны көрсетеді.

Зейнетақылық төлемдерді тағайындау туралы Қорға сенім білдірілген тұлғаның өтініш беруі сенім білдірілген тұлғаның өзінің баруы арқылы жүзеге асады.

Алушы өзінің таңдауы бойынша Қордан зейнетақылық жинақтауларды белгіленген график бойынша зейнетақылық төлем түрінде алуға құқылы әйтпесе зейнетақылық жинақтаулар есебінен зейнетақылық аннуитет шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемі түрінде алуға құқылы.