Алматы қаласы, 050010
Бөгенбай батыр к-сі, 80
Қалдаяқов к-сі
(бұрынғы 8 Март)
мен Абдуллиндер к-сі аралығында
Телефон:
+7 (727) 291-60-27
Факс:
+7 (727) 291-66-27
Қазақстен Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурызда қабылдаған «Міндетті зейнетақылық жарналарды есептеу, ұстап қалу (есептеп қосу) және жинақтаушы зейнетақылық қорларға аудару Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес міндетті зейнетақылық жарналар мен пени сомасын есептеу, аудару кезінде кеткен қателерді агент тауып алған жағдайда, қателерді агент міндетті зейнетақылық жарналарды және пенилерді одан кейінгі кезде аударғанда реттеу жолымен түзетеді.
Міндетті зейнетақылық жарналарды және пенилерді одан кейінгі кезде аударғанда реттеу жолымен түзетуге мүмкіндік болмағанда, агент Орталыққа жүгініп, қате аударылған міндетті зейнетақылық жарналарды және пенилерді осы Ережеге 1-4 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша қайтару жөнінде өтініш жасайды.Қате аударылған міндетті зейнетақылық жарналар мен пенилерді қайтару туралы өтінішке Салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақылық шотынан қате есептелген соманы Ереженің 1-5 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша шығарып тастауға келісетіні туралы нотариалдық куәландырылған өтініші (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.07.2007 жылғы № 620 Қаулысымен қосымша енгізілген) тіркеледі.
Жоғарыда айтқанға байланысты, қате есептелген міндетті зейнетақылық жарналарды қайтару мақсатында зейнетақылық аударуды жүзеге асырған агент-ұйым (кәсіпорын) МЗТО-ға жүгініп, қате аударылған міндетті зейнетақылық жарналарды қайтару туралы өтініш береді, оған Салымшының (қызметкердің) өзінің жеке зейнетақылық шотынан қате есептелген соманы шығарып тастауға келісетіні туралы нотариалдық куәландырылған өтініші тіркеледі.
Ескерту: қате есептелген міндетті зейнетақылық жарналарды қайтару туралы өтініштің бланкін МЗТО-ның жақын маңдағы бөлімшесінен алуға болады, бұдан кейін құжаттар пакетін (қате есептелген міндетті зейнетақылық жарналарды қайтару туралы толтырылған өтінішті, оған тіркелген нотариалдық куәландырылған қызметкердің өтінішін) РГКП «МЗТО»-ға мына адреске жібересіз: 010 000 Астана қ. Кравцов к-сі,18.



