Зейнетақылық шарттарды дайындау — Аманат
Русский Казакша
Бас кеңсе

Алматы қаласы, 050010
Бөгенбай батыр к-сі, 80
Қалдаяқов к-сі
(бұрынғы 8 Март)
мен Абдуллиндер к-сі аралығында

Телефон:

+7 (727) 291-60-27

Факс:

+7 (727) 291-66-27

Шапшаң линия

8 80008-07770

Телефон шалу тегін

Зейнетақылық шарттарды дайындау

Ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар (ЕКЗЖ) – кәсіптік тізімге енген қызметкердің пайдасы үшін жұмыс берушінің Қорға салған ақшасы, кәсіптік тізімді ҚР заңы бойынша тәртіп пен ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамту туралы шарт бойынша ҚР Үкіметі белгілейді.

Ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар адамдардың қосымша әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз етеді, бұл адамдардың кәсібі денсаулыққа кері әсер етеді. Олардың еңбек қызметі зиянды, ауыр және қауіпті жағдайларға байланысты. Зейнетақылық жарналардың бұл түрі жұмыс беруші арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.05.2003 жылғы № 452 Қаулысында белгіленген кәсіптер тізіміне (ол 33 өндірістегі 2 мыңнан асатын мамандық пен қызметті қамтиды) кіретін қызметкердің пайдасына оның өз қаржысы есебінен аударады.

Оның мөлшері ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарт жасаушылар тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он пайызынан аспауы тиіс. Бұл ретте ЕКЗЖ есептен шығару үшін қажет ай сайынғы табыс Қазақстан Республикасы үкіметі белгіленген тәртібі бойынша анықталады. Зиянды өндіріс қызметкерлері мен жұмыс берушінің ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналарға қаржы аудару мәселесі бойынша келіссөз процесінде негізгі рөл кәсіподақтарға жүктеледі.

Ерікті кәсіптік жарналар жөніндегі шарт жұмыс беруші, Қор және Салымшы-алушы арасында үш жақты тәртіппен, үш дана етіп жасалады да, 1-данасы жұмыс берушіде, 2-данасы Қорда, 3-данасы салымшы-алушыда қалады.

Шартты дайындау үшін мынадай құжаттар керек:

1. Салымшы-алушының жеке басын куәландыратын құжат
2. Салымшы-алушының ӘЖК
3. Салымшы-алушының СТН (РНН)
4. Кәсіпорынның реквизиттері

Ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен құралған зейнетақылық жинақтаулар қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ 50 жасқа толған соң, ҚР-нан тыс жерге тұрақты өмір сүруге кеткен және кететіндерге де берілуі мүмкін, бұл ретте олардың кететіндігін немесе сол жақта өмір сүріп жатқанын растайтын құжаттары болуы тиіс және ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық жинақтауы болған адамдардың мұрагерлеріне де беріледі.

Салықтық ынталандыру жарналардың бұл түріне де қатысты. Салық алынатын табысты белгілегенде олар әлеуметтік төлемге жұмсалған бөлігі ретінде шығарылады. Ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы біздің Қормен шарт жасасқанда, Сіз өз аумағыңызда орналасқан «Аманат Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне тікелей өзіңіз келуіңізге немесе телефон арқылы хабарласуыңызға болады.