Мұны білу қажет — Аманат
Русский Казакша
Бас кеңсе

Алматы қаласы, 050010
Бөгенбай батыр к-сі, 80
Қалдаяқов к-сі
(бұрынғы 8 Март)
мен Абдуллиндер к-сі аралығында

Телефон:

+7 (727) 291-60-27

Факс:

+7 (727) 291-66-27

Шапшаң линия

8 80008-07770

Телефон шалу тегін

Мұны білу қажет

16.09.2009
Қажетті құжаттар пакеті

Әр түрлі категориялар Салымшыларының зейнетақылық жинақтауды алуы үшін қажет құжаттар тізімі:

Зейнеткерлік жасқа жеткенде (еркектер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 58 жас) және мүгедектігі (біржола белгіленген 1 және 2-топтағы мүгедектік) бойынша зейнетақылық жинақтауды алатындарға мыналар қажет:

Зейнеткерлік жасқа жеткен Салымшы өзінің зейнетақылық жинақтауын алу үшін Салымшы өзі зейнетақылық шартқа отырған жинақтаушы зейнетақылық Қордың жақын бөлімшесіне барып, мынадай құжаттарын тапсырады:

1) Зейнетақылық төлемді белгілеу туралы арыз, онда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдеде қабылданған №661 Қаулысында бекітілген «Жинақтаушы зейнетақылық Қорлардағы міндетті зейнетақылық жарналар, ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен қалыптасқан зейнетақылық жинақтаулардан зейнетақылық төлемдерді жүзеге асыру ережесіне» (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес зейнетақылық жарналардың категориясы көрсетілуі тиіс;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; түпнұсқасын көрсету үшін өзімен бірге әкеледі;
3) жинақтаушы зейнетақылық қор мен Салымшы арасында жасалған зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарт;
4) зейнетақы және жәрдем ақы алушы куәлігінің көшірмесі, онда Зейнетақылар беру жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі Орталық) төлемді белгілеу негізі көрсетілуі тиіс және көрсету үшін бұл құжаттың түпнұсқасын өзімен әкеледі.

Зейнетақылық жинақтау алушы 58 жасқа толған әйел немесе 63 жасқа толған еркек болса, Орталықтан алынған зейнеткерлік куәлік көрсетілмейді.

Зейнетақылық төлемді жүзеге асыру үшін жинақтаушы зейнетақылық қорға өтініш пошта байланысы құралдары немесе сенімді адам арқылы берілсе, алушының жеке басын куәландыратын құжаттар нотариалдық жолмен куәландырылады.
Зейнетақылық төлемдерді белгілеу жөніндегі алушының өтініші сенімді адам арқылы берілетін болса, сенімді адам да жинақтаушы зейнетақылық қорға сенімхаттың түпнұсқасын, өзінің жеке куәлігінің көшірмесін тапсырады, ал соңғысының түпнұсқасын өзімен бірге әкеліп көрсетеді.

Шет мемлекеттерге тұрақты өмір сүруге кеткен кезде

Тұрақты өмір сүру үшін кетпек болған Салымшы өзінің зейнетақылық жинақтауын алу үшін Салымшы зейнетақылық шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақылық қордың жақын бөлімшесіне барып, мынадай құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) Ереженің қосымшасына сәйкес зейнетақылық төлем белгілеу туралы өтініш;
2) ішкі істер органдары құқықтық актілерінің нормаларына сәйкес рәсімделген Қазақстан Республикасынан сыртқа шығуға рұқсат етілген төлқұжатының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің көшірмесі және көру үшін олардың түп нұсқасы;
3) жинақтаушы зейнетақылық қор мен Салымшы арасында жасалған зейнетақылық қамтамасыз ету шарты.

Шет мемлекеттерге тұрақты өмір сүруге кеткен кезде

Тұрақты өмір сүру үшін кетпек болған Салымшы өзінің зейнетақылық жинақтауын алу үшін Салымшы зейнетақылық шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақылық қордың жақын бөлімшесіне барып, мынадай құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) Ереженің қосымшасына сәйкес зейнетақылық төлем белгілеу туралы өтініш;
2) почта байланысы құралдары немесе сенімді адам арқылы берген кезде:
– төлқұжаттың әйтпесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, ол нотариалдық жолмен куәландырылуы (өмір сүретін мемлекетте нотариалдық куәландыру жүргізілетін болса) және заңдастырылған болуы тиіс, Қазақстан Республикасы мақұлдаған халықаралық шарттарда белгіленгеннен басқа жағдайда.
3) алушының жеке өзі өтінгенде:
– төлқұжаттың әйтпесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің көшірмесі және көру үшін төлқұжаттың әйтпесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің түпнұсқасы;
– миграциялық карточканың көшірмесі және көру үшін миграциялық карточканың түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес миграциялық карточка берілмейтін тұлғалардан басқа.
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен Салымшының зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарты.
Зейнетақылық жинақтауды алушының Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқанды туралы фактіде күдік туған жағдайда жинақтаушы зейнетақылық қор тиісті орындарға сауал жасап, бұл жөнінде алушыны хабардар етеді. Бұл ретте зейнетақылық төлем белгілеу туралы өтінішті орындау мерзімі тиісті орындардан жауап келгенше тоқтатыла тұрады.

Зейнетақылық жинақтауды алушы қаза болған жағдайда

1) Қаза болған алушыны жерлеу үшін оның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді атқаратын адамға:
– Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақылық төлемді белгілеу туралы өтініш;
– қаза болған алушы отбасының мүшесін немесе жерлеуді атқаратын адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және көру үшін түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірме;
– нотариалдық куәландырылған алушының өлімі туралы куәліктің көшірмесі;
2) Қаза болған алушының зейнетақылық жинақтауын оның мұрагерлері алу үшін:
– Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақылық төлемді белгілеу туралы өтініш;
– мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және көру үшін құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
– алушының өлімі туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
– мұраға құқылық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі, әйтпесе мұрагерлік мүлікті бөлу жөніндегі келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі.

Зейнеткерлікке шыққанда әскерилер үшін

Зейнеткерлік жасқа жеткенде өздерінің зейнетақылық жинақтауларын алу үшін әскерилерге өздері зейнетақылық шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақылық Қордың жақын бөлімшесіне барып, мынадай құжаттарды тапсыруы керек:
1) Ереженің қосымшасына сәйкес зейнетақылық төлем белгілеу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және көрсету үшін оның түпнұсқасы;
3) зейнетақылық куәлік;
4) жинақтаушы зейнетақылық қор мен Салымшының зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарт;
5) жұмыс өтілін көрсететін анықтама (қосымша), зейнетақылық төлемнің көлемі, шені және зейнетақылық төлем белгіленген күн.

Сонымен бірге, барлық жағдайда Салымшы банктің реквизиттерін және банктағы карт-шоттың нөмірін (карточкада еңбек ақы, зейнетақы және басқа көмек аударылады) көрсетуі тиіс. Мұндайлар жоқ болған кезде банкте немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ағымдағы шот (депозиттиік жарамайды) ашу керек және сол шоттың реквизиттерінің көшірмесін зейнетақылық жинақтауды аудару үшін тапсыру керек.

« Мазмұны