Жаңалықтар — Аманат
Русский Казакша
Бас кеңсе

Алматы қаласы, 050010
Бөгенбай батыр к-сі, 80
Қалдаяқов к-сі
(бұрынғы 8 Март)
мен Абдуллиндер к-сі аралығында

Телефон:

+7 (727) 291-60-27

Факс:

+7 (727) 291-66-27

Шапшаң линия

8 80008-07770

Телефон шалу тегін

Жаңалықтар
07.10.2009
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі кез-келген осызамандық табыскер компанияның өте күшті құрамдас сапаларының бірінен саналады. «Аманат Қазақстан» мұны сөзбен емес, іс жүзінде айғақтап, әртүрлі қайырымдылық және демеушілік шараларға жиі қатысады. 
2009 жылдың 1 қазанында «Астана қаласының жасы ұлғайғандар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік кәсіпорнында Еңбек департаментімен бірлесе отырып, Қарттар күнін мерекелеген дәстүрлі шара өткізілді. Аталмыш шараға әкімдік қызметкерлері, депутаттар, ардагерлер кеңесі мен демеушілік ұйымдардың өкілдері шақырылды. Мұнда «Аманат Қазақстан» ЖЗҚ ірі демеушінің рөлінде танылды. Қор тоңазытқыштар мен теледидарлар сыйлады. Қарттар үйіне сыйлықтарды тапсыру ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бауыржан Амангелдіұлы Смайыловтың, Астана қаласы әкімінің орынбасары Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжановтың, ҚР Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бекболат Боқанұлы Мұқышевтың, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Қуандыққызы Алтыбаеваның қатысуымен салтанатты жағдайда өтті. Бауыржан Амангелдіұлы Смайылов мырза ардагерлер мен қарттарға ілтипатты сөз арнап, мемлекеттің қолдауымен және демеушілік көмек молынан тартыла отырып, мұндай шаралар жыл сайын өткізілетіндігін айтты. Астана қаласындағы Қордың аймақтық өкілдігінің директоры Бейсенбек Ізбасарұлы Құлдарбаев Қор аясында алдағы уақытта да осындай демеушілік акциялар жалғасын тауып, қарт адамдарға құрмет көрсетіле беретіндігіне сенім білдірді.  



« Мазмұны