Жаңалықтар — Аманат
Русский Казакша
Бас кеңсе

Алматы қаласы, 050010
Бөгенбай батыр к-сі, 80
Қалдаяқов к-сі
(бұрынғы 8 Март)
мен Абдуллиндер к-сі аралығында

Телефон:

+7 (727) 291-60-27

Факс:

+7 (727) 291-66-27

Шапшаң линия

8 80008-07770

Телефон шалу тегін

Жаңалықтар
14.10.2009
Балаларға сыйлық

Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында «Аманат Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ-тың Екібастұз қаласындағы агенттер пункті Бесқауға ауылындағы Қарасу орта мектебіне тамаша тарту жасады. Бұл жалпымектептік сынып және сыныптан тыс жиындарды өткізуге жақсы септігін тигізетін музыкалық орталық. 
Қарасу орта мектебінің директоры Бағила Бекбауова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рай Майлхан Абай көшесі, 35 мекен-жайына орналасқан Қордың кеңсесіне арнайы шақырылды. Қордың Екібастұз қаласындағы аймақтық өкілдігінің қызметкерлері және директор Арман Рахметұлы Тойбаев педагогтарды мұғалімдер күнімен құттықтап, оларға алдағы уақытта шығармашылық және кәсіби табыстар тіледі. 
«Аманат Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ келешекте де осындай акцияларды жалғастырып, өзінің әлеуметтік тұғырын паш ете бермек. 



« Мазмұны