Алматы қаласы, 050010
Бөгенбай батыр к-сі, 80
Қалдаяқов к-сі
(бұрынғы 8 Март)
мен Абдуллиндер к-сі аралығында
Телефон:
+7 (727) 291-60-27
Факс:
+7 (727) 291-66-27
Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарттардың келесі түрлері бар:
1. Міндетті зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарт;
2. Ерікті зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарт;
3. Ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарт.
Міндетті зейнетақылық жарна есебінен зейнетақылық қамту туралы шарт жинақтаушы зейнетақылық қор мен жеке тұлға арасында ай сайын жеке тұлға (қызметкер) табысының он пайызын зейнетақылық жарна ретінде аударып отыру жөнінде келісім арқылы жүзеге асады. Жеке тұлғаның (қызметкердің) зейнетақылық жарнасын жұмыс беруші «МЗТО-ға» аударады, одан кейін ол қызметкер зейнетақылық шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақылық қорға жіберіледі.
Ерікті зейнетақылық қамту туралы шарт жасасқанда жинақтаушы зейнетақылық қорларға зейнетақылық жарналарды салымшылар – жеке тұлғалар өз пайдасына салады, ал алушылар пайдасына ерікті зейнетақылық жарна салушылар ретінде жеке тұлғалар және заңды тұлғалар да жүруі мүмкін.
Ерікті зейнетақылық жарналардың бәсі, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақылық төлем тәртібі ерікті зейнетақылық жарналар есебінен жасалатын зейнетақылық қамтамасыз ету туралы шарттың тараптары арасындағы келісім бойынша белгіленеді.
Ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету шарты ҚР үкіметі бекіткен кәсіптер тізіміне енгізілген қызметкерлер пайдасына заңды тұлғалармен жасалады.
Ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар бәсі ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету шартына қатысқан тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ ол қызметкерлердің айлық табысының он пайызынан аспауы тиіс. Бұл ретте ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген тәртіп бойынша анықталады.
Зейнетақылық шарттар жасасу үшін мынадай құжаттар керек:
1. Әлеуметтік жеке кодтың (ӘЖК) көшірмесі және көрсету үшін түпнұсқасы өзімен бірге болуы керек;
2. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (РНН) және көрсету үшін түпнұсқасы өзімен бірге болуы керек;
3. Жеке куәлік көшірмесі және көрсету үшін түпнұсқасы өзімен бірге болуы керек.
Міндетті, ерікті немесе ерікті кәсіптік зейнетақылық жарналар есебінен зейнетақылық қамтамасыз ету шартын жасағысы келетін адам аймақтық өкілдікке, Агенттік пункттерге немесе Қордың Бас кеңсесінің менеджер-агентіне баруы керек.
Шапшаң жүйе
8 80008-07770
Бас кеңсенің телефоны
+7 (727) 291-60-27




